Ерназарова Гулзира Измухановна 1973 жылы туған., ұлты қазақ. 1996 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биология факультетінің биотехнология, биохимия және өсімдіктер физиологиясы кафедрасында бакалавр дәрежесін, 1998 жылы магистр дәрежесін алды. 2000 жылы аспирантураны бітіріп әл-Фараби атындағы КазҰУ-індегі биотехнология және биология мәселелері ғылыми зерттеу институтының өсімдіктер биотехнологиясы лабораториясына кіші ғылыми қызметкер лауазымына қабылданды. 2001 жылы қыркүйек айынан бастап Әл-Фараби атындағы КазҰУ-індегі, биотехнология, биохимия, өсімдіктер физиологиясы кафедрасына 2 категориялы маман қызметіне алынған. 2004 жылдан 2013 жыл аралығында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің биология кафедрасында доцент және Ғылым халықаралық байланыстар басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2014 оқу жылынан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биотехнология кафедрасында доцент қызметін атқаруда. 2014 жылы ҚазМемҚызПУ 70 жылдығына «Құрмет белгісі» және 2024 жылы (№09-0219/199 бұйрық) университеттің дамуына қосқан үлесі үшін (80 жылдығына) орай төсбелгімен марапатталды. 2024 жылы Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректорының алғыс хатымен марапатталды. ҚР Білім және Ғылым министрілігінің шешімімен 2024 жылы «Жоғарғы оқу орнының Үздік оқытушысы» атағына ие болды. Ғылыми -педагогикалық еңбек өтілі-24 жыл. Жалпы еңбек өтілі – 30 жыл. «Ауыл шаруашылығы өнімдері мен технологияларын әзірлеу және коммерцияландыру үшін биотехнологиялық ҒЗТКЖ орталығын құру (IRN-BR24993105) 2024-2026 жж.» тақырыбы бойынша ПЦФ жобасының орындаушысы. 2025 жылы 25 ақпандағы №239 бұйрығымен биология ғылымдар бағыты бойынша профессор ғылыми атағын алды.Г.И. Ерназарова соңғы 5 жылда 80 нен аса ғылыми еңбектер,КОКСОН -26, 5 енгізу актісі, 1 алдын ала патенттің және МООК онлайн курс авторы (www.open.kaznu.kz ), 4 оқу- әдістемелік құралдар авторы, монография-2, 3 оқу құралдары бар және мақалалары (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics, Scopus -14 мақала) базаларында жарияланды. Индекс хиршасы- 6.


Білімі

Білім беретін мекеме

Квалификация

Аяқталу күні

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ
Магистратура
1998

әл-Фараби атынд.ҚазҰУ

Бакалавриат

1996

Ғылыми дәрежесі

Ғылыми дәреже атауы
Ғылым саласы
Диплом берілген күні
Кандидат
29.12.2006

Ғылыми атағыңыз

Ғылыми атағыңыздың атауы
Тағайындалған күні
доцент
07.12.2011
профессор
25.02.2025
Қызығушылығы

Автордың құжаттары

11

Цитирования
72 по 70

құжаттар

h-индексі

5